18.06.2025, 10:45
Оқылды: 246

Бөрлілік ұстаздар марапатталды

Орал қаласында «Ұстаз мерейі - мәртебелі марапат» атты шара өтті. Салтанатты жиында 2024-2025 оқу жылында республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз және жүлдегер атанған педагогтер марапатталды.

Ұстаздар марапаттауы (1)

Аталған шарада педагогтерді БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев құттықтап, аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің алғысхаттарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапаттады. Кездесуге өңіріміздің 100-ден аса педагогтері бас қосқан.

Ұстаздарды марапаттауға арналған шараға Бөрлі ауданынан да ұстаздар қатысты. Атап айтсақ, республикалық «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» мұғалімдер байқауының командалық сайысы бойынша бас жүлде иегері Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғалия Ғабдуллина, республикалық «Үздік сынып жетекші» байқауының ІІІ орын иегері Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің ұстазы Гүлшат Мұраттар марапатталды.

Ұстаздар марапаттауы (2)

Алғысхат иегерлерінің қатарында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері де бар. Атап айтсақ, ХХІІ республикалық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің «Үздік презентация» байқауында «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері Балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі Валентина Даулеткалиева, «Еуропа-Азия – 2024» республикалық туристік фестивалінің «Үздік әдіскер» бағыты бойынша І орын иегері «Жас туристер станциясының» қосымша білім беру педагогі Аслан Ізімғалилар алғысхат пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар «Түнгі бағдар» бағыты бойынша ІІ орын иегері қосымша білім беру педагогі Нұркен Ерланов, «Түнгі бағдар» бағыты бойынша ІІІ орын иегері қосымша білім беру педагогі Тлек Ералиев, қосымша білім беру педагогтері Аманжан Әбуталиев пен Оралгүл Сарсеновалар «Байлам» және «Жеке» қашықтығы бойынша ІІІ орын иегері атанды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале