11.07.2025, 11:45
Оқылды: 277

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары атмосфералық ауаның сапасын зерттеді

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2025 жылдың 6 айы бойынша атмосфералық ауаның сапасына 25391 сынамасы зерттелді, ауытқулар анықталмады.

казах виллидж жп (39)

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  аумақтық бөлімшелерінін мамандары ауыз-судың сапасына 2025 жылдың 6 айына микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 2133  сынамасы зерттелді, онын ішінде 45 сынама (2,1 %) гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2119 сынама зерттелді,  135 сынамада (6,3 %) ауытқулар анықталды.

Су сапасының гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған

жағдайда су пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды әзірлеу және жүргізу қажеттілігі туралы хаттар жіберілді.

 

Майра Ерекешова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің

коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале