23.07.2025, 14:45
Оқылды: 336

Ата Заңға 30 жыл: Жәнібектік желаяқтар жарыста бақ сынады

Биыл Қазақстан Республикасының Ата Заңына 30 жыл толады. Осы мерейлі дата аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

image-23-07-25-11-44-6

Солардың бірі – бүгін ауданының орталығындағы «Түлектер саябағында» өткен жүгіруден ашық аудандық чемпионат. Аталған жарысқа Жәнібек ауданына қарасты елді мекендерден ғана емес, көршілес Бөкей ордасы ауданынан да спортшылар арнайы қатысып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

image-23-07-25-11-44-3

Жарыс қорытындысында 18 жастан жоғары әйелдер арасында 3000 метрге жүгіру сайысында жеңімпаз атанған Шұғыла Исмағұлова мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Оның ізін ала Аружан Абуова екінші орынға ие болса, үздік үштікті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жас маманы Альбина Бейісова түйіндеді. 30 жастан жоғары ерлер арасында өткен 3000 метрлік қашықтықта аудандық шекара бөлімінің қызметкері Рафхат Тайкенжин мәреге өзгелерден бұрын жетіп, бірінші орынды жеңіп алды.

image-23-07-25-11-44

Бұл санатта Ринат Ахмулдин екінші орыннан көрінсе, үшінші орынды Дәулет Ғайнуллин қанжығасына байлады. Ал 18 бен 30 жас аралығындағы ерлер арасында 5000 метрге жүгіруден өткен тартысты жарыста Ерсұлтан Назарбекұлы мықтылығын дәлелдеп, бас жүлдені иеленді. Бұл қашықтықта Орынбек Рүстемов екінші орынға тұрақтаса, Рауан Болатов үшінші орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

image-23-07-25-11-44-2

Айта кету керек, мұндай шаралар тұрғындарды белсенді өмір салтына баулып қана қоймай, ауданаралық спорттық байланыстарды нығайтуға да ықпал етуде.

 

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

image-23-07-25-11-44-4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале