26.07.2025, 11:55
Оқылды: 356

БҚО-да «AGROFEST BATYS - 2025» басталды

БҚО-да ауыл шаруашылығындағы өзекті тақырыптарды талдау, саладағы заманауи жетістіктермен бөлісу, мәселелерге ортақ шешімдерді ұсыну, тәжірибелермен алмасу мақсатында «AGROFEST BATYS - 2025» фестивалі басталды.

Жп агрофест 2025

Бүгінгі шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибелі аграрлық сала мамандары қатысып отыр.

Фестиваль 26-27 шілде күндері Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылында республикалық масштабта өтеді.

Жп агрофест 2025

Еске салсақ, фестиваль «Дала күні» форматында 2022 жылдан бері дәстүрлі ұйымдастырылып келеді.

Жп агрофест 2025

Шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов фестивальдың маңызына, тоқталды.

- Ауыл шаруашылығы – Батыс Қазақстан облысы экономикасының маңызды салаларының бірі. Сондықтан аграрлық бағыттағы табыспен бөлісу, оларды кеңінен насихаттау – біз үшін тек кәсіби міндет емес, бұл ауыл еңбеккерлерін ұлықтайтын шынайы мереке деп білеміз. Фестиваль негізін қалаушы және ұйымдастырушы Армат Бисеновке алғысымды білдіремін! Бүгінгі көрмеде ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар, жоғары өнімді техника, мал шаруашылығы мен селекция жетістіктері, сондай-ақ ветеринария мен өсімдік қорғау бағытындағы тың тәсілдер ұсынылып жатыр. Биылғы көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елден 40-тан астам компания қатысып, 8 мыңнан астам келуші күтіліп отыр. Жыл сайын шара ауқымының кеңейіп келе жатқаны – фестивальдің маңызын, өзектілігін және беделін көрсетеді.
Сонымен қатар біздің өңір – асыл тұқымды қазақтың Ақбас ірі қара малының, Көшім жылқысының, Еділбай және етті-жүнді Ақжайық қой тұқымдарының отаны.
Бұл мал тұқымдары ел аумағындағы түрлі климаттық жағдайға төзімділігімен, жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.
Осы асыл тұқымды малдарды кеңінен насихаттап, олардың қасиетін толықтай пайдалану үшін еліміздің басқа аймақтарының Батыс өңірімен тығыз байланысты болуына күш салуымыз қажет, - деді жиында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы.

Жп агрофест 2025

ҚР Ауыл шаруашылғы вице-министрі Бағлан Бекбауов, ҚР мәжілсінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров, «AGROFEST BATYS - 2025» фестивалін ұйымдастырушы Армат Бисенов те шараның салтанатты ашылуында сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 12.35.04

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары марапатталды. «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі мен алғыс хаттар табысталды.

Жп агрофест 2025

Аталған көрмеге өзге өңірлерден ауыл шаруашылығы ғалымдары, салада қызмет көрсететін мекемелер, техникаларды, тыңайтқыштар мен пестицидтерді, тұқымдарды сатумен айналысатын ірі компаниялардың басшылары, тәжірибелі диқандар мен малшылар, қарапайым еңбек адамдары, өнер иелері, ұлттық спорттың өкілдері қатысып отыр.

Жп агрофест 2025

Агрофестте озық технологиялар, стартаптар, агроинновациялар мен цифрлық шешімдер таныстырылады.

Қатысушылар шеберлік сабақтарына қатысып, жетекші мамандармен тікелей тілдесіп, кәсіби байланыстар орната алады.

Жп агрофест 2025

Шара барысында фермерлер мен саланың түрлі өкілі агросаладағы инновациялар, өңірлік даму стратегиясы және серіктестік мүмкіндіктері жайлы пікір алмасады деп күтіліп отыр.

Биылғы «Агрофест» бұрынғыдан ауқымдырақ, әрі мазмұнды болмақ.

Динара Насыр,

фотоға түсірген автор
zhaikpress.kz

    Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025

Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025  Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025Жп агрофест 2025 Жп агрофест 2025

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале