Шыңғырлау ауданында дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келе жатқан "Жасыл ел" еңбек жасағының жұмысы биыл да өз жалғасын тапты. Жастардан құралған жасақ құрамына жазғы демалыс уақытын тиімді өткізгісі келетін, еңбекке бейім тер тартылды.

Жасақ мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізіп, гүлзарлар мен демалыс аймақтарын күтіп-баптау ісімен айналысуда. Бұл – жастарды еңбекке баулумен қатар, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын тәрбиелік мәні зор бастама.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі С.Бркенова
- "Жасыл ел" жасағы – жастарға жаз мезгілінде пайдалы еңбекпен айналысуға, табиғатты қорғауға, қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Ағымдағы жылы еңбек жасағына 47 жас қатысып отыр. Аудан жастары туған өлкенің тазалығы үшін еңбекке жұмылуда. Алдағы уақытта жұмысты кеңейту жоспарда бар,"– дейді.
Ауыл ажарын ашып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл еңбек – жастар үшін үлкен тәжірибе мектебі. Жасыл желекке көмкерілген таза аудан – бәрімізге ортақ игілік.
С.Байтенова,
Шыңғырлау ауданы