"Алтын-Емел" ұлттық паркі аумағындағы фототұзақтарға Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлар түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сурет: tengrinews.kz
Видео ұйымның Instagram-парақшасында жарияланды. Атап айтқанда, осы көктемде камералар қар барысы мен қарақұйрықты түсіріп алған.
"Бұл деректер сирек жануарлардың парк аумағында тұрақты мекендейтінін және оларды сақтау шараларының оң нәтиже беріп жатқанын дәлелдейді", – делінген ұлттық парк хабарламасында.
"Олардың көмегімен жануарлардың қозғалыс бағытын қадағалауға, мекендеу аумағын анықтауға, популяция санын бағалауға және оларды қорғау бойынша тиімді шаралар әзірлеуге болады. Қар барысының кадрға түсуі – ерекше маңызды оқиға, себебі бұл жыртқыш Қазақстанда өте сирек кездеседі. Оның белгілі бір аумақта тіркелуі – елдегі биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған маңызды қадам", – делінген парк мәлімдемесінде.