31.07.2025, 18:00
Оқылды: 388

Бәсі биік Бөрлі

Қазан төңкерісінің алдында Бөрліде 400-дей түтін болған деседі. Ауыл Бөрлі болысындағы ең ірі ауыл екен. Бүгінгі таңда да ауданның ең үлкен елді мекендерінің бірі. Ауыл  Бөрлі ауданының солтүстік бөлігінде орын тепкен. Орал қаласынан 100 шақырым,  аудан орталығы Ақсай қаласынан 36 шақырым  жерде орналасқан. Және оның  тарихы 1700 жылдан бастау алады.

Бөрлі ауылы (3)

Бүгінде ауылдық округтің көлемі 42 397 шақырым.  1929 жылдан бастап ауылдың келбеті өзгере бастаған.  Алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, «Гигант»  колхозының бригадирі В. П. Лемешконың айтуынша, бұл колхоздың құрамына Бөрлі, Қанай, Утвин, Куйбышев, Ақрап, Карл Маркс елді мекендері енген. Коваленко Л. И., Рублевский Г. В., Кичайкин М. Т., Девятко И. Е., т. б. колхоз белсенділері болған.

«Гигант» колхозының алғашқы төрағасы қарапайым еңбек адамы Гапотченко еді. 1932 жылы Бөрлі МТС құрылып, оны И. Сеияшин басқарды. 1935 жылы «Гигант» колхозының негізінде «Труд крестьянина», Чапаев атындағы екі артель құрылып, оларға Г. Жиздюк, В. Лемешколар басшылық еткен. Чапаев атындағы артельдің 3700-3800 га жері болғанмен, техникасы болмаған.     1935 жылы Бөрлі МТС 15 мың га алқаптың 8800 гектарына бидай, 3055 гектарына тары егеді. МТС-тің 80 тракторы мен тіркемелі комбайндары болды. Бөрлі МТС техникалық қуаты жағынан ең алдыңғы қатарлы МТС болып есептелді.

Бөрлі ауылы аудан орталығы

1935 жылдың 31 қантарында КАЗЦИК Батыс Қазақстан облысының құрамындағы Бөрлі ауданының құрылғандығы жөніндегі Қаулысын бекітті. Оның орталығы Бөрлі ауылы болды. 1937-1941 жылдары ауылда 400-дей отбасы өмір сүрді. Жұмысшылардлың еселі еңбегінің арқасында ұжымшардың әл-ауқаты арта түскен. Шаруашылығында 120 жылқы, 100 шамалы бұқа, 120 сүтті сиыр, 20 түйесі болған.

Бөрліде 1935 жылы ашылған, сүт тарту және май шайқу бөлімшелері бар сүт қабылдау пункті жұмыс жасады.  Бөрлі май зауыты 1948 жылы ашылып, мұнда тәулігіне 1100 л. сүт әкелініп, одан 2 жәшік май жасап шығарған екен.  Толыққанды колхоз болғаннан бергі нағыз тарихы МТС таратылғаннан кейін басталады. 1957 жылы колхозға «40 лет Октября» деген атау беріліп, алғашқы төрағасы М. И. Миронов болды, кейін оны И. С. Садомсков алмастырды. Ұжымшарға сіңірген еңбегі үшін И.Садомсков «КазКСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері»  атағын иеленді. Осы жерде Иван Иванович Пятаченко туралы да айта кеткен жөн. Соғыста байланысшы, байланыс бөлімінің командирі болып жұмыс жасаған ол  жауынгерлік ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және басқа медалдармен марапатталған. Соғыстан кейін Бөрлі селосында партия ұйымының хатшысы, Бөрлі май зауытының директоры, Сельпо төрағасы болып жұмыс жасаған. Және  ұжымшардың өріп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Осы еңбегі үшін «Бөрлі ауданының құрметті азаматы»  атағы берілген.

Бөрлі ауылы (1)

Бөрлілік Нариман Токпановтың еңбек ерліктері, шын мәнінде, құрметтеуге тұрарлық. Колхозшы  Нариман Токпанов «40 Лет Октября» колхозының № 4 кешенді бригадасының бригадирі ретінде  «Ұшқын – Искра» жастар комсомол бригадасын құрды. Ол 1400-ден астам аналық қара қой өсірді.   Ол «40 Лет Октября» колхозының кешенді бригадасын 30 жылдан астам уақыт басқарды.

Еселі еңбек жылдары 

Республикада колхоздардың ішінде еңбекақы төлеу жүйесіне алғашқы болып көшкен «40 лет Октября» (Октябрьдің 40 жылдығы)  ұжымшары болды. Ұжымшар мүшелерінің әл-ауқаты арта түсті. 1976 жылы колхоздың ауылшаруашылық жерлері 37 000 гектарды құрады. 22 940 гектарды алып жатқан шабындықтың көлемі 1929 жылмен салыстырғанда, 11 есе көп болды. Әртүрлі маркалы 123 трактор, 87 астық жинайтын комбайн, 55 автокөлік болды. Астықтың орташа өнімділігі 16 ц құрап, сол жылы мемлекет қамбасына 200 мың центнер астық құйды.     Октябрьдің 40 жылдығы  ұжымшарының 4 кешенді бригадасындағы Ленин орденді коммунист Нариман Тоқпаев бастаған 4 комбайннан тұратын экипаж 2 мыңдай гектардың бидайын орып, еселі еңбегімен көзге түсті. Сонымен қатар ел ырысын жинау жолында күндіз-түні аянбай еңбек еткен Ю.Коржов, М.Приходько, Г.Барабаш, М.Базарбаев, П.Латарцев, С.Бейсов, В. Занченко, А.Сурков, С.Каламбетов есімдері ел есінде.

Бөрлі ауылы (2)

Ұжымшарда ірі қара 2350-ге жеткен. Оның 700-і сауын сиыр болатын. 6700 қой болған. 1000 басқа арналған мал кешені де алғаш рет Бөрліде салынған. Осы жерде озат сауыншылар А. Мяличеваның, Н.Хохлованың, Л.Шараяның, Р.Жұмағазиевангың, В.Иванованың аттарын атаған жөн. Сондай ақ, шаруашылық тарихында Социал Тоқпановтың аты алтын әріптермен жазылып қалған. 1981 жылы оған үздік механизатор ретінде кезексіз «Нива» машинасы берілген.  Еңбек озаты ретінде ақшалай сыйлықтармен де марапатталған.  Сонымен бірге С.Тоқпанов адал да қажырлы еңбегі үшін  «Құрмет белгісі» орденімен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Оныншы бесжылдықтың озаты» төсбелгілерімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Ұжымшардың өсіп-өркендеуіне үлкен үлесқан еңбек адамының бірі Алтыншаш Ахметова. А.Ахметова тың игеру жылдары трактор тізгіндеген. Кейіннен сауыншы, шопан, сақманшы болып та еңбек еткен. Еселі еңбегі үшін «Коммунистік еңбек озаты» атағын алады. «Ерен еңбегі үшін», «Тыңға 50 жыл» медалдарымен марапатталған.  Ұжымшардың  тарихында қиындықтар да қуаныштар да көп болды. Соған қарамастан, ұжым өсіп, өркендей берді, өнім өндіру артты, адамдардың өмірі жақсарды. Бөрліліктер атақты комбайншы, Ленин орденінің иегері, Социалистік Еңбек Ері Богатырев Михайл Ивановичтің өз жерлестері екенін мақтан етеді.

Тың игеру жылдары туралы айтсақ, алғашқы тың игерушілердің қатарында А.Загуменнов, С.Сонин, В.Кукло, В.Горыниндер болды.

Бүгінгі Бөрлі келбеті

Бүгінде Бөрлі ауылдық округі күннен күнге өскен, өркендеген округ. Округтің құрамына Бөрлі, Масайтөбе елді мекендері кіреді.

Ауылдық округте 2 мектеп, 2 балабақша,  ауылдық дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі,  кітапхана, спорт кешені, арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы, 1 колледж,  өрт сөндіру депосы,  2 спорт алаңы жұмыс жасайды.  Сондай ақ, ауылда 26 дүкен, 1 наубайхана бар. 1 кондитерлік цех пен 2 кафе  халыққа қызмет көрсетеді. Ал бір кәсіпкер 2 жылыжай ашып, ауыл тұрғындарын жыл бойына өкөкөніспен қамтамасыз етуге ұмтылуда.  Сонымен бірге 2 шаштараз, 1 дәріхана, 1 дөңгелек жөндеу (шиномонтаж)  сияқты көптеген  кәсіпкерлік нысандар халық көңілінен шығуда. Ауылда кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Мемлекеттік грант алғандар көптеп саналады. Мәселен, 2023 жылы 3 жас кәсіпкер (35 жасқа дейін) ірі қара мал сатып алуға шағын несие алса,  6 жеке кәсіпкер «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіптерін дамытуға төмен пайызбен несие алды. Атап айтқанда,  «Сенім» ЖК Бектұрған Ә.Ғ. – 6 400 000 т., Темешева Г.И. – 6 450 000 т.,  «Мирас» ЖК Замерова Б.Х. – 8 600 000 т., «Гапотченко» ЖК Гапотченко С.В.  – 3 500 000 т.,  «Мсрян» ЖК Мсрян Н. – 3 550 000 т., «Капанов» ЖК Капанов Н.Т. – 6 450 000 т. Ал 2024 жылы «Ауыл Аманаты»

Айтпақшы, Бөрлі ауылында орман шаруашылығы бар. Ол ұжым 1936 жылы құрылған. Соғыс кезінде жұмысшы күші жетпегендіктен оның жұмысы уақытша тоқтатылғанымен, 1953 жылы түрлі техникалармен қайта жабдықталып, жұмыстары жандана бастайды. 1966 жылы орман шаруашылығының жалпы көлемі 16042га. алқапты құрады. Орман шаруашылығы мекемесі осы салада 45 жыл жұмыс жасағани Анатолий Борадаевты мақтан етеді.

Бөрлі ауылы (4)

2025 жылдың басындағы  ақпарат бойынша ЖШС - 9, оның ішінде жұмыс жасап жатырған - 6, ірілер ЖШС “Агрофирма Батыс Ет”; ЖШС “AiAmir”; КХ жалпы саны 13, оның ішінде жұмыс жасайтын 10, үлкен ШҚ  “Ақбота”, басшысы Губайдуллин Азамат, “Даргужиев А.Н. “, басшысы Даргужиев Арман. Сонымен бірге ауылда  128 ЖК, оның ішінде 22 мал шаруашылығымен айналысады, ең ірілері   “Buhar-Agro, “ Даргужиева Н.К”, “ Мендыгазиев А.А”.  Ауылдық округті әкімі Әзілхан Уәлиханұлы Зарифов  басқарып отыр. Міне, Бөрлі ауылдық округінің тарихынан бір үзік сыр осындай.

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале