31.07.2025, 20:00
Оқылды: 343

Оралда Ғұмар Қараштың 150 жылдығына арналған облыстық мүшәйра өтті

Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың 150 жылдығына арналған «Асылдығын алты Алашқа білгізген» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

_gluster_2025_7_31_3c7914d3193d511ea6404bab8201726f_1280x720

Мүшәйраны Жәнібек ауданының әкімдігі ұйымдастырып, оған өңірдің әр түкпірінен келген жас ақындар, зиялы қауым өкілдері, Орал қаласындағы Жәнібек ауданының жерлестері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында жас ақындар Ғұмар Қараштың өнегелі өмірі мен бай әдеби мұрасын арқау еткен жүрекжарды жырларын оқыды. Ақындар шығармаларында елдік пен ерлікті, ұлттық сана мен тарих тағылымын, Отанға деген сүйіспеншілікті терең толғап, өздерінің азаматтық үнін білдіре білді.

Ғұмар Қараш — ХХ ғасыр басындағы қазақ ойының ірі тұлғасы, дін, білім, ұлттық ояну тақырыптарында қалам тербеген, артында мол рухани мұра қалдырған көрнекті қайраткер. Оның шығармалары бүгінгі ұрпақ үшін де аса маңызды. Осы орайда мүшәйра жас буынды ақын мұрасына терең бойлауға, ұлттық құндылықтарды жырға қосуға баулуды көздеді.

_gluster_2025_7_31_d12906a08b0cbeec23b1e1d066796596_1280x720

Мүшәйра қорытындысы бойынша үздік шыққан жас ақындар марапатталып, арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Жиналған көпшілік мүшәйраның тағылымдық маңызы мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай әдеби басқосулардың ел руханияты үшін маңызын ерекше атап өтті.

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале