5.08.2025, 9:45
Оқылды: 425

Әскери міндеттілердің далалық жиыны басталды

Қазақстан армиясы бүгінде халықаралық аренада өз орнын ойып алып, биік белестерді бағындырып келеді. Мемлекетеміздің әрбір сарбазы келешекке керуен тартқан еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Ата Заңымызда көрсетілгендей елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Осы орайда бүгін аудан аумағында әскери міндеттілердің далалық жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

5

Іс-шара аудан аумағындағы далалық жиын лагерінде ұйымдастырылды. Жиынға ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Сухраб Мусаев, аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің қызметшілері, далалық жиын лагерінің әкімшілігі, әскери міндеттілер қатысты.

1

Алғаш болып сөз алған департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Сухраб Аликжанұлы әскери жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.

- Бүгін бастау алып отырған  далалық жиында сіздер әскери міндетті ретінде заңда белгіленген тәртіппен қызмет өткересіздер. Сіздер қабылдаған әскери антқа сәйкес, әскери қызметтің шектеулері мен міндеттері бар. Жиын барысында әскери шеберлік пен тәртіптілікке ерекше мән беріледі. Біз сіздердің біліміңіз бен қабілеттеріңізді шыңдап, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру жолында нәтижелі еңбек ететініңізге сенім білдіреміз. Баршаңызға әскери дайындықта сәттілік, Отанымызға адал қызмет пен табыс тілеймін, - деді ол.

3

Келесі болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Рауан Бисенғалиұлы жиынға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

- Сіздерді бүгінгі жиынның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымызға қош келдіңіздер. Өткізіліп отырған оқу-жаттығу жиыны сіздердің бұрын алған білімдеріңіз бен дағдыларыңызды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Әрбір азамат үшін Отанға қызмет ету мәртебе. Осы бағытта жасап жатқан еңбектеріңізге алғыс айтамын. Жиын барысында шыдамдылық, тәртіп және ынтымақтастық тілеймін, - деді ол.

4

Жиында әскери міндетті ефрейтор Мұратқалиев та сөз алып, өзіне жүктелген міндеттерді адал орындауға, оқу-жаттығу жиынын жоғары деңгейде аяқтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

2

Жиын ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаменттің әскери қызметшілерінің арнайы көрсетілімдерімен жалғасты. Олар жиынға қатысушыларға әскери іс-қимылдарда қолданылатын кейбір тактикалық әдістерді, қару-жарақ түрлерін және олардың қолданылу тәртібін көрсетті. Сонымен қатар, қызметтік иттерді пайдалану тәсілдері де көремендерге ұсынылды.

 

 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале