30.08.2025, 16:30
Оқылды: 304

Заң және заңгер: Сырымда заңгерлермен кездесу өтті

Сырым аудандық кітапхананың Б.Ойшыбаев атындағы конференция залында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Құқықтық сауаттылық – әділетті қоғам кепілі» тақырыбымен заңгерлермен кездесу өтті.

PHOTO-2025-08-29-19-09-32

Шараға ауданымыздағы заң саласында жемісті еңбек еткен жандар мен қызмет сапында жүрген заңгерлер қатысты.

PHOTO-2025-08-29-19-09-39

Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Тоқмамбетов қатысушылармен еркін сұхбат құрып, құқықтық сауаттылық, заң талаптары, және күнделікті өмірдегі заңнамалар туралы әңгіме өрбітті.

PHOTO-2025-08-29-19-09-38

Ата заңды ардақтауға арналған дөңгелек үстелде қатысушы қонақтар арнайы мерекеге орай аудан әкімі атынан құттықтау хатына ие болды.

Қоңдыкер Жеңісұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале