2105 жылы Орал қаласында Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы ашылған-ды. Он жыл ішінде орталық руханият ордасына айналып үлгерді.

Енді, Жымпитының өзінің “Қадырсарайы” болады.
Қазақстанның Халық Жазушысы, “Тарлан” әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай Сырым ауданында ақын атындағы әдебиет және руханият залы ретінде ашылды. М. Есламғалиев атындағы аудандық кітапхананың еңселі бөлігі енді Қадыртануға қызмет етеді.

Еске сала кетейік, кітап үйінің бір залына жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаевтың аты берілген болатын.

Қадыр залының лентасын Қазақстан Жазушылары Одағы басқармасының басшысы Мереке Құлкенов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева және Қадекеңнің жары Салтанат Мырзалиева қиды.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы