8.10.2025, 10:00
Оқылды: 229

Батыс Қазақстан облысы республикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынға шықты

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел экономикасына инвестиция тарту – өңірлердің дамуы мен жаңа өндірістерді іске қосудағы негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

WhatsApp Image 2025-10-08 at 10.47.32

Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қуатын арттырудың басты тетігі ретінде инвестиция тартуға ерекше назар аударған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында да жүйелі әрі нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Облыс аумағында инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

WhatsApp Image 2025-10-08 at 10.47.33

Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы мен Чехия мемлекетінің ірі компанияларымен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында нақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар инвестициялық келісімшарттарға қол қойылуда. Бұл – өңірдің халықаралық деңгейде сенімді серіктес ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

WhatsApp Image 2025-10-08 at 10.47.33 (2)

Нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1093 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада 3-орында тұр.

WhatsApp Image 2025-10-08 at 10.47.33 (1)

Жалпы алғанда, инвестиция тарту бағытындағы бұл жетістіктер өңір экономикасының өсімін қамтамасыз етіп, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына зор серпін беріп отыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале