10.10.2025, 12:50
Оқылды: 212

Еңбек – ердің мұраты

2020 жылы Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінде токарь мамандығын игере бастадым. 2021 жылдан бері «Батыс Су Арнасы» мекемесінде осы мамандық бойынша еңбек етіп келемін. Күн сайынғы жұмысым — су ресурстарына қажетті техникалық бөлшектерді дайындау. Мысалы: винтті валдар, трубалық резбалар, фланецтер, болттар, гайкалар, шпилькалар және тағы басқа көптеген бөлшектер. Жұмыстың басым бөлігі чертеж арқылы, нақты дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді. Бүгінде Батыс Су Арнасының техникасына арналған бөлшектерді жасап, өз қолыммен қаламыздың су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне аз да болса үлес қосып келемін.

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

басыт су арнасы (6) басыт су арнасы (5) басыт су арнасы (4) басыт су арнасы (3) басыт су арнасы (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале