24.10.2025, 23:00
Оқылды: 91

Шыңғырлау ауданында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Ел бірлігінің, тұтастығы мен жасампаздығының жарқын мерекесі Республика күні қарсаңында Шыңғырлау ауданы орталығында ұлттық мереке мен мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Мәңгі жаса, қыран елім – қазағым» атты мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды.

image-24-10-25-06-25-5

Қазақ халқы үшін қастерлі мерекені құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев «Бұл мереке халқымыздың еркіндігі жолындағы ұлы күресінің жемісі. Еліміздің өркендеуі, экономикалық жетістігі мен әлеуеті біздің халқымыздың еңбеккерлігі мен ынтымағы, тұтастығының көрінісі. Мереке құтты болсын, еліміз аман болғай», - деп атап өтіп, ауданның еңбек адамдарын, сала үздіктері мен белсенді азамат-азаматшаларды облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапаттады.

image-24-10-25-06-25-4
Жерлесіміз Бауыржан Нарманов «Ерекше тәуекелді солдаттар» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының «Арнайы тәуекел бөлімшелерінің ардагері» атты төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттар легі аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтың алғысхаттарын табыс ету рәсімімен жалғасып, бірқатар жерлестеріміз марапатталды. Сондай- ақ осы сахнада Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлейменовтың атынан «Құрмет грамоталары ұсынылды.
Мәдениет саласының үздігі, облыстық Халық Шығармашылығы орталығының жетекші маманы Батырхан Қайыров аудан халқын ел мерекесімен құттықтай келе «Өңір мен елге өз өнерлерімен танылған, өнердің туын көтеріп, аудан мәдениетіне үлес қосып келе жатырған ауданымыздың белгілі «Сұлтанғалиевтер» отбасылық ансамблі өңірлік, облыстық, тіпті республикалық деңгейлерде өнер көрсетіп жүр. Осы орайда, Мәдениет және ақпарат Министрі Аида Балаеваның 2025 жылдың 1- тамызындағы №364 бұйрығына сәйкес аталған ансамбль «Халықтық» атағының куәлігімен марапатталады» дей келе ансамбль жетекшісі Сансызбай Сұлтанғалиевке куәлік табыс етті.

image-24-10-25-06-25
Бұдан әрі мерекелік кеш аудан өнерпаздары даярлаған сазды-әуенді бағдарламамен жалғасып, көрермендер «Тәуелсіздік жолында» театрландырылған қойылымы, «Қазағымсың», «Қазақстан бақытты», «Айналдым елім», «Жаным қазақ», «Атамекен» сынды ұранды әндер шырқалып, күй ойналған, билер биленген көңілді кешті тамашалады.

image-24-10-25-06-25-3
Республика күні – еліміздің тарихындағы ең қастерлі мерекелердің бірі. Ол – егемендік пен елдікке құрметтің, тәуелсіздікке тағзымның күні. Әрбір қазақстандық бұл мерекені мақтанышпен қарсы алып, ата-баба аманаты – Тәуелсіздікті мәңгі сақтау жолында еңбек етуі тиіс.

Қаршыға Асу
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале