Облыс басшысы А.Көлгіновтің бұйрығымен Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін тәмамдаған.
- 2001 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды.
- 2001-2004 жылдары – БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы;
- 2004-2005 жылдары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы бастығының орынбасары;
- 2005 жылы – БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы;
- 2005-2006 жылдары – БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары;
- 2006-2010 жылдары – «Қазақстан Халық Банкінің зейнетақы жинақтау қоры» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары;
- 2010-2011 жылдары БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары;
- 2011-2012 жылдары «БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
- 2012-2013 жылдары БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары;
- 2013-2015 жылдары БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды;
- 2015 жылдың 26 қазанынан бүгінге дейін БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
www.zhaikpress.kz