6.11.2025, 11:52
Оқылды: 134

«Мамандар галереясының» кезекті шығарылымында электромонтер

Политехникалық колледжді 2016 жылы «Электромонтер» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2017 жылы «БатҚазТэк» компаниясына жұмысқа орналасып, сол уақыттан бері жарық пен қуат әлемінде қызмет етіп келемін.

Қазіргі таңда жөндеу бригадасының электромонтері болып жұмыс істеймін.
Біздің жұмыс — күн сайынғы жауапкершілік пен дәлдікке негізделген еңбек.

Тоқпен жұмыс істеген әр сәт – мұқияттылық пен сабырды қажет етеді.

Кейде баған басында тұрып төменге көз саласың — сол сәтте сенің еңбегіңмен үйлер жарықтанып, көшелер жарқырап, адамдардың тұрмысы жеңілдеп жатқанын сезесің.

Электр қуаты — бұл жай ғана жарық емес, халыққа жылу мен өмірдің тынысын сыйлайтын күш.

Сол себепті мен өз мамандығымды мақтан тұтамын, - дейді Аршат.

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

жп электрик 2 (1) жп электрик 2 (2) жп электрик 2 (3) жп электрик 2 (4) жп электрик 2 (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале