Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) 43-Бас конференциясында 15 желтоқсан «Түркі тілдері отбасының дүниежүзілік күні» деп жарияланды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Анадолыға сілтеме жасап.

15 желтоқсан түрік тіліндегі ең көне жазбаша құжат - VIII ғасырға тиесілі Орхун жазбаларының алғаш рет шешілуімен ерекше. Бұл күн түрік өркениеттерінің ортақ мәдени және көркемдік байлығын білдіреді, халықтар арасындағы мәдени жақындасу мен диалогты нығайтады.
ЮНЕСКО-ның 15 желтоқсанды «Түркі тілдері отбасының дүниежүзілік күні» деп жариялауына байланысты Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры ертең Самарқандта түркі мемлекеттерінің өкілдері қатысатын конференция ұйымдастырады.