28.11.2025, 16:30
Оқылды: 32

Жыл басынан бері еліміз бойынша 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен өткен екі апталық курсқа еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 

Мектеп, оқушы ЖП / Гүлмира С.С

Сурет сайт архивінен 

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылып, педагогтер мазмұнды семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді өз тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.

Алдағы кезеңде де педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале