Бүгін Батыс Қазақстан футзал ассоциациясы ұйымдастырып жатқан футзалдан Орал қаласының ашық чемпионаты басталды.

Өңір аяқдопшыларының басын қосып, он жыл бойы қалада аяқдоп аламанын ұйымдастырып келе жатқан ассоциация биыл да дәстүрлі жарысты бастады.
Қарымына қарай бірнеше дивизионға бөлінген 35 команда 4 ай бойы чемпион атағын сарапқа салады.
Облысымыздың футзалшыларының басын қосып, аяқдоп аламанын атойлап өткізуге Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі үлкен қолдау көрсетіп отыр.
- Биыл БҚО футзал ассоциациясы құрылғанына 10 жыл. Соның құрметіне батыс аймағының ең үздік төрт командасының қатысуымен өтетін ерекше жарыс ұйымдастырамыз. Одан басқа ассоциация лигасы сынды турнир өтеді. Одан басқа да жарыстарды қолға аламыз, - дейді БҚО футзал ассоциациясы өкілдері.

Облыс чемпионы атағына таласушы командалар бірінші тур ойындарын бастады.
Сонымен қатар «ПетроЮнит» және «Баракат» командалары суперкубокті сарапқа салады.
Желтоқсанда өтетін аймақтық турнирге де қалалық спорт бөлімі көп қолдау көрсетеді.
Арал Болпышұлы
«Орал өңірі»