24.12.2025, 16:30
Оқылды: 491

Бөкей ордасы ауданында спорт кешені ашылды

Бөкей орда ауданы, Хан ордасы ауылының тұрғындары, жалпы спорт сүйер ағайын үшін қуанышты күн. "AMANAT"  партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асқан  "Нарын" спорт кешені ашылды.

FB_IMG_1766566940607

Жаңа кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мекеме басшылары мен Орда ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен спортшы жастар, ауыл тұрғындары  қатысты.

FB_IMG_1766566922889

Ордалықтардың қуанышын бөлісуге келген облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов:
- Бүгін облысымыздың ең шалғай ауданындағы саналатын тарихы терең, туристік әлеуеті жоғары Хан ордасы ауылының тұрғындары үшін айтулы да қуанышты күн. Ел игілігі жолында бой көтерген заманауи спорт кешенінің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ел Президенті Қ.Тоқаев бұқаралық спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды», - деген болатын.

FB_IMG_1766566933699

Жаңа спорт кешені Бөкей ордасы ауданының мақтанышына айналып, талай чемпиондарды тәрбиелейтін құтты мекен болсын, - деген тілегін айтып, облыс әкімінің сәлемін жеткізді.
Ауданның "Құрметті азаматы", еңбек ардагері Ахметкерей Салауатов сөз алып, жаңа нысан чемпиондардың ордасына айналсын деген батасын берді.

FB_IMG_1766566946290
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізген жеке кәсіпкер "Абдухатов" өкіліне аудан тұрғындары атынан алғысхат табыстаса, мердігер су жаңа нысанның кілтін "Орда" спорт клубының директоры Жасұлан Хайрушевке ұсынды.

FB_IMG_1766566943435
Спорт кешенінің лентасын облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов пен спорт ардагері Р.Денгизбаев кесіп, меймандар жаңа спорт нысанмен танысты.
Жаңа кешенді командалық ойындарға арналған зал, ауыр атлетика, күрес, бокс, тоғызқұмалақ сынды үйірмелерге арналған бөлмелер бар.

FB_IMG_1766566961933 FB_IMG_1766566959601
Ауданның іргелі ауылындағы жаңа кешен спортсүйер қауымға жаңа мүмкіндік берері анық.

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы
Сурет автордікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале