8.01.2026, 10:15
Оқылды: 36

Суды үнемдеу – ортақ міндет

 

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева мен “AMANAT” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семгалиева жұмыс сапарымен ауданымызға келді.

610719573_18205328380316896_1774193386708350666_n

Аудан әкімдігінің кіші залында өткен отырысқа аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімі орынбасары Дархан Абдрашитов, “Теректі- таза су” ЖШС директоры Руслан Галиев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайыржан Есетов және өзге де сала мамандары қатысты.

Аталған отырыста талқыланған басты мәселелердің бірі – 2026 жылы “Теректі-таза су” және өзге де компаниялардың жекешелендіру туралы ұсынысты талқыға салу.

Кездесуде жекешелендірудің кемшілік тұстары ортаға салынып, бөлім басшылары мен сала мамандары өз пікірлерін білдірді.

Отырыс барысында бірқатар мәселелер көтеріліп, оның ішінде суды рационалды қолдану маңызы жөнінде ұсыныстар айтылды.

 

Қаламқас Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале