12.01.2026, 11:00
Оқылды: 50

Білім бәйгесінде топ жарған жас дарындарға құрмет көрсетілді

Тасқала ауданында  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі орын иеленген оқушыларға арналған салтанатты қабылдау өтті.

білімдерін көрсеткен оқушылар (3)

Шараға аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев арнайы қатысып, білім бәйгесінде топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан жас өрендерді шын жүректен құттықтады. Кездесу барысында Әли Сағдатұлы жеңімпаз оқушыларға ыстық ықыласын білдіріп, болашақтарына сәттілік тілеп, елге адал қызмет ететін білікті маман болып қалыптасуларына тілекші екенін жеткізді.

білімдерін көрсеткен оқушылар (4)

Сонымен қатар, білімнің маңызы мен табандылықтың рөлі туралы ғибратты ой қозғап, жас талапкерлерге мотивациялық әңгіме өрбітті.

білімдерін көрсеткен оқушылар (2)

Айта кетейік, облыстық кезеңде ІІІ орын иеленгендер қатарында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Сәулет мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Қалихан Жанерке мен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Арнұр  Жұмабай, ал, қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Достық мектебінің 9 және  10-сынып оқушылары Дильназ Нагимова мен Сабина Жазықбаева, сондай-ақ,  Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Самира Макаева, химия пәні бойынша Сәулет мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жәдігер Мақім, математика пәні бойынша Сәулет мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы  Елдар Аққали, биология пәні бойынша Сәулет мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы  Мирсад Мақсот бар. Сондай-ақ, ағылшын тілі пәні бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Дильназ  Кенжебаева, Сәулет мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы  Наз Жексенғали, құқық негіздері пәні бойынша Сәулет мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жанайым Ахиярова алғыс хатпен марапатталды.

білімдерін көрсеткен оқушылар (1)

Шара соңында оқушылар дипломдар мен ал,  демеушілер тарапынан арнайы  сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар,  естелік сыйлықтар табысталды. Бұл — жас жеткіншектердің еңбегіне көрсетілген үлкен қолдау әрі болашақ жеңістерге бастар сенімді қадам.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале