15.01.2026, 11:30
Оқылды: 63

Орал қаласында 4 автокөлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

Орал қаласындағы Зачаган кентінде жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам жарақат алды, - деп жазады kaz.inform.kz.

b8dc913a-5873-4f5c-90ec-7ba8a1914160
Фото: kaz.inform.kz

Оқиға С.Айтқұлов пен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында 14 қаңтар күні болды.

Екі жүк көлігі мен Volkswagen және Hyundai Tucson жеңіл көліктері түйіскен.

БҚО жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Серік Орынбасаровтың мәлім еткеніндей, Құс фабрикасы ауданында жол апаты болғаны жөнінде сағат 12.14-те шақыру түскен.

- Жедел жәрдем бригадалары зардап шеккен 5 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар түрлі жарақаттармен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты, - деді С.Орынбасаров.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, көмекке құтқарушылар да барған.

Олар автокөлікке қысылып қалған екі адамды алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале