15.01.2026, 11:45
Оқылды: 209

«Ауыл айнасы» — 95 жыл: Редактор есімі ұлықталды

Бүгінгі «Ауыл айнасы» – аудан өмірінің айнасы, елдің мұңы мен қуанышын, жетістігі мен өзгерісін қалт жібермей, қалың оқырманға жеткізіп келе жатқан шежірелі басылым. Өлке тарихында өшпестей із қалдырған ардақты азаматтарды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың тек міндеті ғана емес, қастерлі борышы. Ерен еңбегі мен қажырлы қызметі көпке үлгі болардай тұлғалар аз емес.

IMG_2208

Солардың бірі – КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, танымал қаламгер, ақын, бұрынғы «Коммунист», «Жалпақтал өңірі» газеттерінде ширек ғасыр бойы редакторлық қызмет атқарған Темірғали Тілепбергенұлы Жазбаев.
Елге сіңірген еңбегін ескеріп, есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Жалпақтал ауылында редактор тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылып, оның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

IMG_2200

Шараға қатысқан Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов жиналған қауымды құттықтап, марқұм Темірғали Тілепбергенұлының аудан журналистикасының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

IMG_2220

Сондай-ақ салтанатты жиында ақын, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін», Ы.Алтынсарин медальдарының және «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, «Казталов ауданының құрметті азаматы», Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы, «Коммунист» газетінің ардагер журналисті Дариға Ғазизқызы Мұштанова сөз сөйлеп, редактор жайлы сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті.

IMG_2223
Шара барысында Темірғали Жазбаевтың қызы Алмагүл Темірғалиқызы әкесінің өнегелі өмір жолын еске алып, есімін ұлықтауға атсалысқан аудан басшылығы мен ұйымдастырушыларға әулет атынан алғыс білдірді.

IMG_2203

Мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашу рәсімі Дариға Ғазизқызы мен Алмагүл Темірғалиқызына ұсынылып, жиналған көпшілік тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале