21.01.2026, 11:00
Оқылды: 94

Раздольный ауылының әкіміне тұрғындар сенім білдіріп, қайта сайлады

Бәйтерек ауданы, Раздольный бірлігі жарасқан ауыл екенін өткен жексенбіде болған ауылдық округ әкімінің сайлауы тағы бір мәрте дәлелдеді.

IMG-20260121-WA0005

Бұл туралы ауыл әкімін тағайындауға байланысты Раздольныйда өткен ауылдық округ активінің жиынында айтылды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласовтың сөзінше, 2021 жылдан бері ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау өтіп келе жатыр. Мұндай саяси науқан Раздольныйда 2022 жылы алғаш рет ұйымдастырылса, биыл екінші мәрте өтіп тұр.

IMG-20260121-WA0010

- Ауылдық округте 394 сайлаушы болса, соның 221-і (56,09%) дауыс берді. Солардың 95,57 пайызы Болат Ерболатовқа сенім білдірді. Айта кету керек, бізде, ауыл әкімдерін сайлауда мұндай көрсеткіш болған емес. Тағы бір таңқалғанымыз, бірде бір бюллетенде «бәріне қарсымын» деген белгі салынбапты. Облыстағы әріптестеріміз де бұған таңданыс білдірмей қалған жоқ. Байқаушылар сайлау үдерісін қадағалап отырды. Бәрі де заңнама талаптарына сай болды. Ауыл тұрғындарының Болат Хайроллаұлына деген сенімдері зор екені анық көрініс берді, - деген Радик Мақсотұлы өзінің 20 қаңтардағы №5 шешімімен Болат Ерболатов аталмыш ауылдық округтің әкімі болып тіркелгенін айтып, оған тиісті куәлік табыстады.

Одан соң оның ауылдық округ әкімі болып тағайындалғаны турады аудан әкімінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы №8 өкімі оқылды.

IMG-20260121-WA0011

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, Болат Хайроллаұлы еңбек жолының жартысынан астам уақытын Бәйтерекке арнаған. Мемлекеттік қызметте біраз тәжірибесі бар. Халықпен тіл табыса жұмыс істеуінің нәтижесінде Раздольныйда екінші мерзімге әкім сайланып отыр.

Өз кезегінде сөз алған әкім өзіне тағы да сенім білдірген ауылдастарына ризашылығын білдіріп, қызметке білегін түре кірісетінін жеткізді.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале