27.01.2026, 13:00
Оқылды: 40

Олжас Бектенов туризмді дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімдер мен министрлер баяндамасын тыңдады: «салада әлі де жүйелі мәселелер бар»

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов: «Мемлекет басшысы туризмнің дамуына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл мәселе айрықша бақылауда».

5458381573674701409

Тиісті министрлер мен бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
- Былтыр Президент азаматтардың көптеген шағымдарынан соң Алакөлдің айналасындағы, сондай-ақ жалпы еліміздегі туристік дестинациялардағы инфрақұрылым мен сервистің нашарлығын, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауын қатаң сынға алды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жарты жыл ішінде тиісті жұмыстар атқарылды:

бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Жетісу облысындағыдай, туризм саласында тұрақты жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды;

Алакөлге жақын маңдағы елді-мекендерде су бұру және жағалауды бекіту ісі қолға алынды;

Шығыс Қазақстан облысында танымал туристік аймақтарда коммуналдық қызметтердің жұмысы жолға қойылды.
- Жалпы өңірлерде оң динамика бар. Алайда, туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерулер бұл салада әлі де жүйелі мәселелердің барын анықтады, — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов бірқатар түйткілді мәселеге тоқталды:

Көптеген нысандарда интернет сапасы нашар. Жұмыстар әлі жоспарланып жатыр немесе қарқыны өте баяу.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері жиі көтеріледі. Көптеген кәсіпкерлер қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды құжаттарды керек қылмайды. Мәселен, Қарағанды облысында қазіргі таңда 149 көпшілік демалыс орнының ішінде 80 нысан ғана санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің қорытындысын алған. Ал, 28 жағажайдың тек 3-еуіне тиісті қорытынды берілген.

Көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету мәселесі мен жол бойындағы сервиске қатысты үлкен сұрақтар бар.

Кей жерлерде энергия қуаты жетіспейді;

Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық бекеттерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерін ұйымдастыру ісі барлық жерде бірдей шешімін таппай келеді.

Туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде бағалар сол күйі қымбат.

Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағымдар көп.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале