30.01.2026, 0:00
Оқылды: 0

«Заң және тәртіп» қауіпсіз қоғамның негізі

Шыңғырлау колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық іс шарасы өтті. Оған құқық қорғау саласының қызметкерлері мен колледж ұстаздары, студенттері қатысты.

IMG-20260129-WA0042

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында: «Заң мен тәртіп — әділетті қоғамның негізі. Әр азамат заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс. Бұл — тұрақты дамудың басты шарты», — деп атап көрсеткен болатын. Осы ұстаным бүгінгі кездесудің негізгі идеялық өзегіне айналды.

Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға негізделді. Шыңғырлау колледжінің директоры Серікбай Жұмағұлов:

– Бүгін біз «Заң және тәртіп» жобасы аясында маңызды әрітәрбиелік мәні зор кездесуге жиналып отырмыз. Заңды білу– әр азаматтың міндеті, ал тәртіп – қоғамныңтұрақтылығының кепілі.

Колледждің ішкі тәртіп ережелері мен ҚР заңдарын білу – болашақ маман ретінде қалыптасудың маңызды бөлігі.

Заңды сақтау – әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі кездесуден сіздер өздеріңізге пайдалы мәлімет алып, құқықтық сауаттарыңызды арттырасыздар,"- деген ойын жеткізді.

Өткізілген шара барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылықтүрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбек өз сөзінде: "Жалпы алғанда, бүгінгі студент ертеңгі маман. Сондықтан ерінбей оқып, іздену керексіздер.

Заңға құрмет, тәртіпке жауапкершілік, цифрландыру мен алдын алу тетіктері бір жүйе ішінде біріктіріліп отыр. Мемлекеттің де, азаматтардың да мақсаты ортақ, тыныш әріқауіпсіз орта қалыптастыру," - деп, атап өтті.

Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, подполковник Николай Губенко кәмелетке толмаған және 18 жастан асқанстуденттердің жауапкершілігі мен заң бұзудың болашақ мамандық пен еңбек жолына әсері туралы кеңінен баяндады.

IMG-20260129-WA0043

Студенттерге лудомания, буллинг, киберқауіпсіздік, онлайн-алаяқтық және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәліметтерді жалпы республика, облыстық, аудандық деңгейдегі орын алған жағдайлар арқылы түсіндірді.

Ашық диалог форматында өткен кездесу жастарға өздерінтолғандырған сұрақтарын қойып, нақты тәжірибе мен өмірлік мысалдарға негізделген мазмұнды жауаптар алуға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара айқын профилактикалық және тәрбиелік сипатқа ие болды. Ол жастардың заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағыну мен жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды. Болашақтың қауіпсіздігі — бүгінгі дұрыс тәрбие мен білімде екендігіне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында "Amanat" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Азамат Тағаниязов пен облыстық психологиялыққолдау орталығының Шыңғырлау ауданы бойынша координаторы Нұргүл Мендалиева жастарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат берді.

Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстан Үкіметі Қоғамда заң және тәртіпидеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіткен болатын. Құқықтық сауаттылық аясында ұйымдастырылған іс-шара тұжырымдамада қарастырылған міндеттердің практикалық іске асуының бір бөлігі болып табылады.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале