2.02.2026, 10:00
Оқылды: 14

Прокуратураның қолдауы көп

​Облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында Бәйтерек ауданында да айтарлықтар жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – Переметныйдағы Камен мектеп-интернаты.

image-01-02-26-10-52-2

Аталмыш жоба аясында прокуратура қызметкерлерімен аталмыш интернаттың күнделікті тыныс-тіршілігі жан-жақты зерделенді. Қауіпсіздік шараларының сақталуы, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, жатын орындардың жай-күйі, тамақ сапасы және тәрбиеленушілердің психологиялық ахуалы басты назарда болды. Сонымен қатар балалармен тікелей сұхбат жүргізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Соған сәйкес аудан прокуратурасы тарапынан интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсетілді. Балаларға «Отау TV» жабдықтары, зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған шахмат тақталары, спорттық белсенділікті арттыру мақсатында волейбол доптары, сондай-ақ шығармашылыққа арналған сурет салу құралдары тарту етілді.

image-01-02-26-10-52-1
Айта кету керек, 2024 жылы аудандық прокуратурамен интернаттың жатақхана жағдайы зерделеніп, бірқатар мәселелер анықталған болатын. Осыған байланысты аудан әкімдігіне енгізілген ұсыныстар негізінде былтыр жатақхананың есіктері мен жатын орындары толық жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың ұсынысы бойынша кәсіпкерлердің демеушілігімен интернатқа жаңа теледидар орнатылды.
Интернат тәрбиеленушілері өздеріне осындай сый жасағаны үшін прокуратура қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Аталмыш мектеп директоры Валентина Стародубцева елімізде жас ұрпақ алаңсыз өсіп-өнуі үшін барынша жағдай жасалып жатқанын айтып өтті.

image-01-02-26-10-52
- 2025 жылдан бастап біз аудандық прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Олардың қолдауының нәтижесінде жөндеуді қажет етіп тұрған интернатымыз жаңартып қалды деуге болады. Былтыр ауданымыздың депутаттарының демеушілігімен жаңа теледидар алынса, енді прокуратура қызметкерлері «Отау TV» қондырғысын алып келді. Бұл интернаттағы балалардың Қазақтанның тарихын терең тарихты біліп, елжанды болып өсуіне септігін тигізері анық. Осындай қолдау үшін мектеп ұжымы, ата-аналар комитеті, оқушылар атынан алғысымызды білдіреміз,-деді Валентина Владимировна.
Аудан прокуроры Алмас Меңлібаев «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында мектептермен тұрақты байланыс орнатылып, оқушылармен кездесулер жалғасын табатынын мәлімдеді.

Салтанат Серікбайқызы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале