4.02.2026, 23:30
Оқылды: 9

Жыр әлемінде жас дарындар бақ сынады

Бүгін Жаңажол ауылдық мәдениет үйінде Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 8-10-сынып оқушылары арасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.

image-04-02-26-07-19

Шара барысында қонақтар мен әділқазылар алқасы мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған «Қазақ поэзиясының ақиығы» атты кітап көрмесін тамашалады. Байқаудың ашылу салтанатында Жаңажол ауылдық округінің әкімі Дәурен Мерешев, аудандық кітапхананың директоры Дина Мұқашева және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Ерасыл Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезеңде қатысушылар ақынның жанына жақын шығармасын жатқа оқыса, ІІ кезеңде ақынның он өлеңін жатқа айту шарты қойылды. Алғашқы кезеңде оқушылар Мұқағали жырларын жан тебіренісімен жеткізе білді. ІІ кезеңде әділқазылар мүшесі жас таланттардан 10 түрлі өлеңнің кез келген тұсына тоқталып, жатқа айтып беруін сұрады. Байқау қорытындысы бойынша Ә.Жангелдин атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы Жұлдыз Қарасай (жетекшісі Қ.Шабақова) І орынды жеңіп алды. Пятимар ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Гаухар Теміреш (жетекшісі Д.Жұлқашева) пен Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Ақжайна Амангелді (жетекшісі Н.Мұқанова) ІІ орынға лайық деп танылды. Ал мектептен тыс жұмыс орталығының «Жыр тұмар»ақындар мектебінің мүшесі Айару Амангелді (жетекшісі С.Қарекенова) мен Жаңақала мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Кәусар Набидолла (жетекшісі А.Рысмұханова) ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастыру алқасының дипломдарымен, алғысхаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Райхан АМАНТАЙҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале