Жобада сақтандырылған тұлғаларды есепке алу тәртібі мен МӘМС жүйесіндегі жарналарды қаржыландыру реттеледі.
Енгізілетін өзгерістер бюджеттік жоспарлаудың нақтылығын және ашықтығын арттыруға бағытталған, азаматтардың медициналық көмек алу құқығына ешқандай шектеу қойылмайды.
Бұған дейін заңнамаға енгізілген нормаға сәйкес, мемлекет соңғы үш ай бойы зейнетақы жарналарын төлемеген, дағдарыс немесе төтенше жағдайдағы жұмыс істемейтін азаматтардың МӘМС жарналарын төлейді. Енді ұсынылатын түзетулер бойынша, мұндай азаматтардың территориялық бағыты олардың тұрақты тіркелген жері бойынша анықталады. Бұл шығыстарды дұрыс есепке алуға және қаржылық жүктемені өңірлер арасында тең бөлуге мүмкіндік береді.
