11.02.2026, 13:00
Оқылды: 107

Шыңғырлау ауданында «Жолда кітаппен бірге!» буккроссинг шарасы бастау алды

 

Облыстық Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ерекше рухани бастама – «Жолда кітаппен бірге!» буккроссинг шарасы Шыңғырлау ауданында бастау алды.

image-10-02-26-05-55-8

Жоба қоғамдық көлікте кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың күнделікті өмірінде кітапқа деген қызығушылықты арттыруды көздейді. Яғни, сапар барысы 3-4 сағатты құрайтын Шыңғырлау-Орал бағытындағы жолаушылардың жол бойы кітап оқуына мүмкіндік жасау, сапар барысын кітаппен қысқарту сынды ізгі мақсат.

image-10-02-26-05-55 (1)

Әрі уақыт өткізу, әрі рухани нәр алып, сананы шыңдау. Жергілікті кітапхана ұжымы осы мақсатта  жолаушыларға жаңа кітаптар үлестіріп, жобаның ашылу салтанатын ұйымдастырды.

image-10-02-26-05-55-6

Шарада құттықтау лебізін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбеков әрбір саналы жанға кітаптың орны ерекше және одан түйер ой мен рухани құндылықтың аса бағалы екенін атап өтіп, жақсы кітап оқуды әдетке айналдыру адамның жақсы қасиеті деп танитынын жеткізді.

image-10-02-26-05-55-7

Бұл лебізді қуаттай түскен аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов кітап адам мінезінің, тәрбиесінің және рухани қалыптасуының ұстасы екенін, көп оқығанның көргенді, білімді және саналы келетінін, жас ұрпақты осынау жақсы әдетке баулу баршаға ортақ іс екенін айтып өтті.

 

 

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

image-10-02-26-05-55-5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале