Аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың өкімімен Бижанов Асылан Жұмағалиұлы Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы боп тағайындалды.

Асылан Бижанов Бөкей ордасы ауданының тумасы. Білімі жоғары. Екі бірдей жоғары оқу орнын тәмамдаған. 2014 жыл - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2016 жыл - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.
Еңбек жолын Сайқын ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымынан бастаған. Кейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы қызметтерін атқарған.
Жауапкершілігімен көзге түскен Асылан Жұмағалиұлы ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымын да атқарды. Күні бүгінге дейін Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
Асылан Бижанов отбасылы. Қос бірдей ұл тәрбиелеп отырған абзал әке.
Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жаңа тағайындалған бөлім басшысының жұмысына табыс тіледі.
Асылан Бижанов да сенім білдіргені үшін аудан әкіміне алғысын білдірді.