10.02.2017, 16:16
Оқылды: 63

Мамандар тегін кеңес беруде

Tegin kenes  Орал қаласының орталық базарындағы «Мирлан» сауда үйінде «Жас Отан» жастар қанатының «Кеңес орталығы» жұмыс күндері ашық болады.


  Кезекті кеңес орталығында облыстық маслихат депутаты Салтанат Тұманбаева және «Жас Отан» Жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев жұмыссыз жастарға қаладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жастарға арналған бағдарламалармен таныстырады. Сондай-ақ қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

  Орталықта «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кеңесшісі Әлия Шаримова тұрғын үй сатып алу бойынша қала тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, төлемдер мен несие жөнінде таныстырса, Есіркеп Сәрсенбаев тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, денсаулығына байланысты кеңестер берді.

Ерлік Шамғали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале