16.02.2026, 17:14
Оқылды: 51

Бұлан округі қандай ресурстық тиімділіктерге ие?

Сырым ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесулері басталды. 

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Бұлан, Шолақаңқаты және Алғабас ауылдық округтеріндегі жиналыстарға қатысты.

PHOTO-2026-02-16-09-31-02

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Астанада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында әкімдерге елдің ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде нақты жұмыстануды тапсырды.

Бұлан ауылдық округінің әкімі Айдарбек Көлбаевтің айтуынша ауылдың дамуы ауылшарушылық саласының аяқалысымен тікелей байланысты.

Округте мал шаруашылығымен айналысатые 14 қожалық, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 1 өндірістік кооператив бар.

Жылдың басынан бастап ветеринариялық іс - шаралар жүзеге асуда.

PHOTO-2026-02-16-09-31-02 (1)

Былтыр Бұлан ауылының оңтүстік - шығыс бағытынан мал өлекселерін тастайтын орын даярланды. Жерасты қазаны Жамбыл ауылына да керек.

Мал шаруашылығы дамыған елді мекендер үшін өлекселерді талапқа сай залалсыздандыру – эпизоотиялық қауіпсіздіктің басты кепілі.

Бұған дейінгі кездесуде жамбылдықтар ауылдан күрес үйірмесін ашуды сұраған. Бұл мәселе мемлекеттік тапсырыс аясында балалардың спорттық секцияға тегін қатысуын қамтамасыз ететін «Qadam.Ai» платформасы арқылы  шешім таппақ.

Кездесу барысында тұрғындар елді мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты нақты ұсыныстарын жолдады.

Бұландықтар жеке табынға қосатын асыл тұқымды бұқа қажет деп отыр. Мал сапасын арттырып, өнімділікті көбейту үшін бұл әрине маңызды.

Екіншіден, мал шомылдыратын арнайы бассейн салу мәселесі көтерілді. Мал арасында түрлі паразиттік және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мұндай нысанның қажеттілігі зор екені айтпаса да белгілі. Жекелеген қожалықтар өз қажеттілігі үшін шағын бассейндер жасап жатады, бірақ округке ортақ арнайы мал шомылдыратын орын болса, құба - құп.

Бұлан ауылдық округі негізінен екі ірі ресурстың бойында тұр. Біріншісі - Шідерті өзені, екіншісі Самара - Шымкент халықаралық күре жолы.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов нақты жобаларға қолдау болатынын айтты.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале