10.02.2017, 19:26
Оқылды: 29

«Қыраулы қыста мектептегі балалар неге тоңуы тиіс?»

"Долинный жəне Богданов ауылдары неге көгілдір отынмен қамтылмай отыр? Оның ішінде əлеуметтік нысандарға газ жеткізілмеген. Əсіресе, қыраулы қыста мектептегі балалар неге тоңуы тиіс? Бұл мəселенің анық-қанығына жетіп, жобалық құжаттар жасаумен шұғылдануды, нəтижесі туралы есеп беруді қатаң тапсырамын", - деді Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаевтың есеп беру жиынына қатысқан облыс басшысы Алтай Көлгінов.


БҚО әкімі Алтай Көлгінов есептік жиналысқа қатысушы тұрғындардың алдында өңірде атқарылған іс-шаралар барысын баяндады.

-Былтыр облысымызда əлеуметтік нысандарды жөндеу үшін 5 млрд. теңге бөлінді. Сол қаражатқа 215 нысан жөнделді. Соның ішінде, Теректі аудандық мəдениет үйінің ғимараты жаңа кейіпке енгенін білесіздер, - деді Алтай Сейдірұлы.

Terekta esep« Жалпы, өңірімізде ауыз су мəселесі өте өзекті. Ауылдарды орталықтандырындырылған ауыз сумен қамту бойынша жұмыс біздің облыста төмен деңгейде. Былтыр жұмыс тобымен елді мекендерді аралап, осы ауыз су мəселесін шешуді қолға алуды жоспарладық. ҚР Парламенті депутаттары мен салалық министрліктер қолдауымен былтыр республикалық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.  Облысымызда 50 елді мекенге ауыз су мəселесін шешу қолға алынды. Соның ішінде Теректі аудандағы Ақсуат, Ақжайық, Новоповлов, Сарыөмір, Аңқаты ауылдарына ауыз су желісі тартылды.

Ал облыстағы автожолдардың 26 пайызына ғана қатқыл жабын төселген. Былтыр республикалық бюджеттен 16,5 млрд. теңге бөлініп, оған 250 шақырымнан астам жол жөнделді. Биыл да осындай қарқынмен жұмыстанамыз", - дей келе, облыс əкімі Алтай Көлгінов елімізде агробизнес секторын дамытуға баса мəн беріліп жатқанын айтты. Аудан тұрғындарын шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысып, жаңа жобалармен шұғылдануға шақырды.

Облыс басшысы ауданда инвестиция негізінде кіріс көрсеткіші азайғанын, жұмыссыздықтың жəне қылмыс дерегі көбейгенін ескертіп, аудан əкіміне аталған мəселелерді шешуді тапсырды.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сəлім Қоқашев тұрғындарды баспанамен қамту жеткіліксіз екендігін алға тартты. Аудан əкімі Мұрат Мұқаев биыл аумағы 70 шаршы метр ғана тұрғын үй салу жоспарланғанын жеткізді. Облыс басшысы мұның аз екенін айтып, "Нұрлы жер" бағдарламасы ауқымында жеке баспана құрылысын жандандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар өңір жетекшісі Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерге тоқталып, іс-шараларды жүзеге асыруға мəн берілетінін жеткізді.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале