20.02.2026, 10:30
Оқылды: 53

Вице-премьер бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірге жұмыс сапары аясында жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық еткен жиынға делегация құрамындағы орталық мемлекеттік орган өкілдері, квазимемлекеттік сектор мен қаржы институттарының басшылары да қатысты.

638286974_18584409145028162_7860224028511735673_n

Вице-премьер алдымен конституциялық реформа туралы пікір білдірді. Ол басты құжаттың жаңа нұсқасында барлық меншік нысандарының тең қорғалуы бекітілгенін, бұл инвесторлар, кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес үшін де ерекше маңызды екенін айтты.

638286974_18584409145028162_7860224028511735673_n — копия

- Жаңа Конституция жобасы елдің егемендігін нығайтуға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамды топтастыруға берік құқықтық негіз қалыптастырады. Бүгінде қазақстандықтарға құжат мәтіні туралы ғана емес, елдің болашағына қатысты шешім қабылдау мүмкіндігі берілді. Баршаңызды жаңа Конституция жобасымен жан-жақты танысып, республикалық референдум күні азаматтық ұстанымдарыңызды танытуға шақырамын, - деді Серік Жұманғарин.

638283361_18584409142028162_3581768140586913379_n633651128_18584409139028162_323483797507357539_n — копия

Үкімет басшысының орынбасары Салық кодексіндегі жаңашылдықтар мен экономикалық өсімнің проактивті саясаты туралы ақпарат беріп, бизнес өкілдерін ашық пікір алмасуға шақырды. Кездесуге қатысушылар тарапынан коммуналдық кәсіпорындардағы тариф саясаты, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу мүмкіндігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өзге де мәселелер көтерілді. Вице-премьер сұрақтардың басым бөлігіне сол бойда жауап берді. Ал әлі де зерделеуді қажет ететін жүйелі мәселелер өзі жетекшілік жасайтын жобалық кеңседе жан-жақты талқыланатынын айтты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

639858178_18584409118028162_4547245072766453963_n 639858178_18584409118028162_4547245072766453963_n — копия 638283361_18584409142028162_3581768140586913379_n — копия

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале