10.03.2026, 14:36
Оқылды: 7

Жамбы ату жарысының негізгі стилі мен ережелері

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

Жамбы ату – ат үстінде садақпен нысана көздеп ататын ұлттық спорт түрі.

Бұл спортта мергеннің дәлдігі, ат үстіндегі тепе-теңдігі және жылдамдығы қатар бағаланады.

Жарыс жолының ұзындығы – 99 метр, ені – 3 метр.

 

Жамбы ату 2 (1)

Азия стилі

Спортшыларға төрт мүмкіндік беріледі. Әр мүмкіндікте жиналған ұпайлар қосылып есептеледі.

Атпен шауып өту уақыты – 12 секунд. Уақыттан жылдам аяқтаған әр секунд үшін 1 ұпай қосылады, ал кешіккен жағдайда әр секунд үшін 1 ұпай шегеріледі.
Спортшы үш нысанаға бір-бір жебеден атады. Нысана шаршы пішінді және бірнеше ұпайлық аймақтарға бөлінеді.
Орталық бөлікке тиген жебе – 5 ұпай, одан кейінгі аймақтар – 4, 3, 2 және 1 ұпай болып есептеледі.

 

Жамбы ату 2 (2)

Түркі стилі

Жарыс екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңде екі мүмкіндік беріледі және барлық ұпай қосылып есептеледі.
Бірінші кезеңде спортшы үш дөңгелек нысанаға атады.
Нысананың орталық бөлігіне тиген жебе – 6 ұпай, орта шеңберге – 4 ұпай, сыртқы шеңберге – 2 ұпай беріледі.
Екінші кезеңде «қабақ ату» орындалады. Спортшы екі нысанаға атады. Екінші нысана биіктікте орналасады. Ату тәсіліне байланысты ұпай беріледі: тік отырып ату – 3 ұпай, бұрылып ату – 5 ұпай, ат мойнына жатып ату – 8 ұпай.

 

Жамбы ату 2 (3)

Жамбы стилі

Спортшыларға үш мүмкіндік беріледі. Әр мүмкіндікте жиналған ұпайлар қосылып есептеледі.
Атпен шауып өту уақыты – 16 секунд.
Жарыста «жамбы» деп аталатын арнайы нысаналар қолданылады:
қола жамбы – 5 ұпай,
күміс жамбы – 10 ұпай,
алтын жамбы – 15 ұпай.

Жебе нысанаға тиіп қана қоймай, оған кадалып тұруы керек. Егер жебе тиіп, бірақ қадалмаса, ұпай есептелмейді.

 

Жамбы ату 2 (4)

Мажар стилі

Спортшыларға төрт мүмкіндік беріледі. Жебе саны шектелмейді және бір нысанаға бірнеше рет атуға болады.

Атқа мініп шабу уақыты – 20 секунд.

Спортшы үш дөңгелек нысанаға атады. Нысаналар үш ұпайлық аймаққа бөлінеді:
орталық бөлік – 4 ұпай,
орта шеңбер – 3 ұпай,
сыртқы шеңбер – 2 ұпай.

Бір нысанаға бірнеше жебе қадалса, олардың ұпайы толық есептеледі.

Жамбы ату 2 (5)

Тайтұяқ стилі

Бұл кезеңге негізгі жарыстарда жүлделі орын алған мергендер қатысады.
Жарыс жолының ортасына жақын жерде 4 метр биіктікте жылқы қылына ілінген «тайтұяқ» орналастырылады.

Мақсат – жебемен жылқы қылын үзіп, тайтұяқты жерге түсіру. Тайтұяқты ең жылдам түсірген мерген жеңімпаз атанып, «Сүрмерген» атағына ие болады.

Жарыс барысында спортшылар төрешілердің шешімін құрметтеуі тиіс және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайды.

Жамбы ату 2 (6) Жамбы ату 2 (7) Жамбы ату 2 (8) Жамбы ату 2 (9) Жамбы ату 2 (10)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале