Бүгінгі референдумға шалғайдағы қыстақтардағы ағайын да белсенді қатысуда. Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты Төре қыстағындағы Қуандық Ғұмаров өз дауысының маңызды екенін түсініп, референдумнан қалып қоймайын деп, атын жегіп, учаскеге келді.

Қыстақта малын бағып отырған ол дауыс беру үшін 12 шақырым жол жүріп өткен. Таңсәріден атқа қонып шыққан ауыл тұрғыны ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмауды азаматтық борышым деп есептейді.

– Біз ауылда, малдың жайымен жүрсек те, елдегі маңызды іске бейжай қарай алмаймыз. Еліміз өркендей берсін, ал біз еліміздің баянды бағы үшін еңбек етеміз, – дейді Қ.Ғұмаров.
Әлия Шарапиева
Ақжайық ауданы