23.06.2026, 17:45
Оқылды: 13

Орал қаласындағы монша кешеніндегі өрт кезінде 8 адам эвакуацияланды

Орал қаласының Солтүстік-Шығыс-2 шағынауданында орналасқан монша кешенінде өрт шықты. Бу бөлмесінде ағаш қаптама 20 шаршы метр аумақта жанған.

Снимок экрана 2026-06-23 174345

Фото: Видеодан скрин

ТЖД бөлімшелері өртті жедел түрде сөндірді. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында ғимараттан 8 адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Снимок экрана 2026-06-23 174404

Фото: Видеодан скрин

ТЖМ монша мен сауналарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

 

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале