23.06.2026, 15:45
Оқылды: 13

Әке мен бала спорттық додада бақ сынады

Әкелер күніне орай өткізілген іс-шаралар легі спорттық додамен түйінделді. Отбасылық құндылықтарды ұлықтап, салауатты өмір салтын ту еткен спорттық сайыс тартысты әрі қызықты сәттерге толы болды.

WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.39.01
Жарыстың мақсаты – қоғамдағы отбасы институтын нығайту, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлін асқақтату. Айтулы шара Бәйтерек ауданының Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ, игі бастамаға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «АқОтау» отбасы орталығы қоғамдық бірлестігі, Бәйтерек аудандық спорт клубы және аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қолдау көрсетті.WhatsApp Image 2026-06-23 at 16.39.01 (1)
Дүбірлі жарысқа ауданның ең белсенді, спортқа бейім үлгілі отбасылары қатысып, үміткерлер тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сонымен бірге өзара ынтымақтастықтарын, темірдей тәртіп пен әке мен бала арасындағы нағыз ауызбіршілікті паш етті. Жарыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шығып, үздік нәтиже көрсеткен Кошмановтар І, Жұмашевтар ІІ және Кислицындар жанұясы ІІІ орын иеленді. Қатысқан барлық отбасылар арнайы диплом және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық мереке қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, аудан өміріндегі елеулі оқиғалардың біріне айналды.

Юлия Ринат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале