23.03.2026, 17:00
Оқылды: 9

Тазару күнінде аудан тұрғындары сенбілікке шықты

Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күні» аясында Казталов ауданы тұрғындары сенбілікке шығып, ауыл-аймақты қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

2d5e6920-8554-44a5-845b-c7277a8a05c1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Таза Қазақстан» бастамасы жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс», — деп атап өткен болатын. Президент бастамасына қолдау білдірген тұрғындармен бірге аудан әкімі Асланбек Сарқұлов та сенбілікке қатысып, халықты тазалықты сақтауға шақырды.

6788777f-e659-4f1e-b596-9020d8b1ad91

— Өздеріңізге белгілі, «Таза Қазақстан» идеологемасы Ата Заңымызда айқын көрініс тапты. Бұл – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Табиғат пен адам жанының, яғни экологиялық және рухани үндестіктің үйлесуі арқылы ғана «Таза Қазақстан» идеясының мәні ашылады. Тек сенбілікте ғана емес, әр азамат өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қарап, туған жеріне жанашырлық танытса, еліміз де көркейе түседі, — деді аудан әкімі.

52796d6b-1cce-46e9-a2e6-fbb767a649ab

Аудан тұрғындары да тазалықтың ауыл ажарын арттырып қана қоймай, тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс сапасына оң әсер ететінін атап өтті.

85038204-4760-4491-af94-576e7edadf9d

— Тазалық — мәдениеттіліктің айқын көрінісі. «Еліне қарап, азаматын таны» деген сөз бекер айтылмаған. Ауылымыздың таза, көрікті болуы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Тазалық бар жерде тәртіп те, береке де болады. Әсіресе, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету – біз үшін маңызды, — деді аудан тұрғыны Гүлнұр Сәуірғалиқызы.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале