5548 әскери бөлімінде самбодан чемпионат өтті. Аталған жарысқа өңірлік қолбасшылықтың әртүрлі бөлімдерінен келген ең үздік спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен белдесулер барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Бұл жарыс әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін шыңдап қана қоймай, жауынгерлік даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде күш-қуатты, ептілікті және тактикалық ойлауды дамытуға ықпал етті.
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — Ақтау қаласының командасы
2 орын — Ақтөбе қаласының командасы
3 орын — Орал қаласының командасы
4 орынды Жаңаөзен қаласының командасы иеленді,
5 орын — 3502 әскери бөлімінің командасы,
6 орын — Атырау қаласының командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осындай спорттық іс-шаралар жеке құрамның бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және әскери қызметтің беделін арттыруға өз үлесін қосады.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі