5.04.2026, 12:00
Оқылды: 15

Күнді жақсы көңіл-күймен бастау не үшін маңызды? Мамандар жауабы

Мамандар күнді жақсы көңіл-күймен бастау маңызды дейді. Олар UfaTime.ru басылымына берген сұхбатында таңды күліп қарсы алудың маңызды себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

a81917f5-48ba-4244-af33-a12a3484d676

Фото: freepik 

Мамандардың айтуынша, таңертең жақсы көңіл-күй күйзеліс пен мазасыздық деңгейін төмендетіп, өмірге деген шүкірлікті арттырады. Сонымен қатар, күнді күліп бастаған адам өнімдірек әрі тиімді жұмыс істей алады.
Дәрігерлер бұл әдеттің айналадағы адамдармен қарым-қатынасты жақсартуға және өзіне сенімділікті нығайтуға да көмектесетінін айтты.

Бұдан бөлек, мамандар таңды көтеріңкі көңіл-күймен бастау адамның физикалық денсаулығына да оң әсер ететінін атап өтті.

"Күнді жақсы көңіл-күймен бастау - өмір сапасын жақсартудың маңызды қадамы", - деді олар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале