
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов облыс орталығында және күні кеше Теміртау қаласында өткен дзюдодан есту органдары зақымданған ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогында қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленген Азамат Сайфетдинді және оның ата-әжесі Сайфетдин ата мен Райхан әжемізді қабылдап құрмет көрсетті.

Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллина, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев және аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Армат Меңдешевтер де қатысып, Азаматқа сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Азамат бірер айда халықаралық чемпионатта бақ сынайды.
Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров