14.04.2026, 16:15
Оқылды: 16

Бөкей ордасы ауданы әкімі ел чемпионымен кездесті

IMG-20260414-WA0052

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов облыс орталығында және күні кеше   Теміртау қаласында өткен дзюдодан есту органдары зақымданған ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогында қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленген Азамат Сайфетдинді және оның ата-әжесі  Сайфетдин ата мен Райхан  әжемізді қабылдап құрмет көрсетті.

IMG-20260414-WA0049

Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт  және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллина, аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев және аудандық  балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Армат Меңдешевтер де қатысып, Азаматқа сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Азамат бірер айда халықаралық чемпионатта бақ сынайды.

Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале