БҚО ІІД баспасөз қызметі кешегі Самара-Шымкент тасжолындағы жол-көлік оқиғасы жайлы осылай дейді.
Ақпанның 23 күні сағат шамамен 07:00-де Самара-Шымкент тасжолының 276 шақырымында 1992 ж.т. «Фольксваген Венто» маркілі автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, БҚО ІІД ЖПҚ патрульдік автокөлігімен соқтығысады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ЖПҚ патрульдік автокөлігінің жүргізушісі полиция сержанты және «Фольксваген Венто» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында жапа шекті. Екі жүргізуші де қалалық көпбейінді ауруханасына жатқызылды. БҚО ІІД ЖПҚ патрульдік автокөлігінің жүргізушісінің серіктесі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін емханалық емді жалғастыру үшін үйіне қайтарылды.
Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.
zhaikpress.kz
суретке түсірген Бауыржан Ширмединұлы