27.02.2017, 15:22
Оқылды: 27

15 жылда 1,5 млн қазақстандық отбасы үймен қамтылмақ

Бұл жайлы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мархабат Жәйімбетов хабарлады.


Оның айтуынша, несиелердің есебінен 600 мың шаршы метрлі тұрғын үйдің құрылысының басталуы жоспарлануда. Осындай тұрғын үйлердің 50% осы тектес тұрғын үйлер құрылыс жинақ жүйесі арқылы белгіленген баға бойынша Астана және Алматы қалаларында - 260 мыңға дейін және өңірлерде - 220 мың теңгеге дейін жүзеге асырылатын болады.

«Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобына сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйлерді салу көзделіп отыр. Жыл сайын осы құрылысқа 25 млрд теңге қарастырылады. Осындай кредиттер есебінен 15 жыл ішінде 1,5 млн отбасына, оның ішінде 600 мың шаршы метр жекеленген тұрғын үй салу жоспарланған. Үйлердің 50 пайызы тұрғын үй құрылыс жинақжүйесі арқылы Астана мен Алматы қалаларында 260 мың теңгеге дейін және басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін бекітілген баға бойынша іске асырылады», - деді ол.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале