28.02.2017, 12:15
Оқылды: 18

Биыл БҚО-да жол жөндеуге 6 млрд. 734 млн. теңге бөлінген

 

Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Миржан Сатқановтың есебінде айтылды.


- Биылғы жұмыс ауқымы белгілі. Облысқа жол құрылысына 1 млн. 200 мың тонна қиыршық тас керек болса, соның 200 мың тоннасы дайын. Биыл жеті ауданға көше жолдарын жөндеуге 1 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінген. Өзге бес ауданда жобалар жасалуда. Бөкей ордасында төрт көше жолына 207 млн. теңге керек, Жәнібек ауданында 10 шақырымдық ішкі жолдарға жөндеу жасалады, - деді Миржан Сатқанов.

Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров үлкен көшелердің жолдары асфальтталғанын, енді 2-деңгейдегі көше жолының құжаттамасы түзетуге жіберілгенін айтты.

Ал Бөрлі аудандық бюджет есебінен 1 млрд. теңгеге биыл 12 көше жолына жөндеу жасамақ.

«Қалған аудандар Бөрлі ауданы сияқты жұмыс жасаңдар. Ақжайық ауданында өткен жылы жоба болмады. Бір жыл бойы онда бірде-бір көше жолы жасалмады. Аудан әкімі құжаттарды дайындамаған. Биыл 12 ауданның барлығында жолдар жасалуы тиіс», - деген өңір басшысы аталмыш басқарманың есебінің қабылданбайтынын айтып, жоспарды әлі де пысықтауды тапсырды.

         Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале