14.05.2026, 20:00
Оқылды: 4

Казталовта көпбейінді ауданаралық аурухана құрылысы жандануда

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай Казталов ауданына іссапармен келді. Ол салалық басқарма басшылары және аудан әкімі Асланбек Сарқұловпен бірге көпбейінді ауданаралық аурухананың құрылысына жауапты мердігермен кездесіп, Жалпақтал—Қарасу бағытындағы облыстық маңызы бар жол, Нүпи Дүйсенғалиев атындағы және Әбіш негізгі орта мектептерінің жай-күйімен танысты.
image-14-05-26-06-53
Өңір басшысы орынбасарының жұмыс сапары алдымен аудан орталығынан, көпбейінді ауданаралық аурухананың құрылыс алаңынан басталды. Мұнда нысанның құрылысына жауапты жаңа мердігер «Жайықсельтрой» компаниясының өкілдерімен кездесті.
image-14-05-26-06-53-1
— Келесі аптада құрылыс жұмыстарын бастап, алдыңғы мердігер жіберген кемшіліктерді жойып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізесіздер деп сенемін. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болғандықтан, қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда басқарма арқылы жұмыстану қажет,  — деген Мирас Рүстемұлы мердігерден сапаға мән беруді талап етті.
image-14-05-26-06-53-3
Қазіргі таңда нысанның бастапқы іргетасы ғана құйылған. Құрылыс жұмыстарын бастапқыда ұтып алған мердігердің де жұмысы сын көтермеді. Сәйкесінше, құрылысы тұралаған нысанның бұрынғы мердігерімен келісім-шарт бұзылып, жаңа мердігермен келісім-шарт жасалған.
— Бұл жоба 2025 жылдың қараша айында басталып, Алматы қаласының «MIR-A CONSTRUCTION» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізді. Алайда тиісті жұмыстарын дұрыс жүргізбеді. Қаншама хаттар жазылды. Тиісті жұмыстар  жүргізілмеген соң бір жақты, яғни біздің тарапымыздан шарттар бұзылып, қазір БҚО «Жайықсельстрой» компаниясымен жаңадан шарттар жасалды. 4 қабатты ғимарат болады. Бұл жерде қазір интертті материалдар тасу, фундамент жұмысын бастайтын боламыз. Баталған жұмысты ары қарай жалғастыруға толықтай кірісетін боламыз. Жалпы қаражат толықтай бөлініп тұр, ешқандай мәселе жоқ. Жұмыстарды жалғастырып, келесі жылдың мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарда тұр, — деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұркен Молдашев.
image-14-05-26-06-53-2
Рүстем Мүлкайұлы іссапары барысында «Жалпақтал-Қарасу» бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың жайымен танысты. Сонымен қатар Көмекші ауылындағы Нүпи Дүйсенғалиев атындағы негізгі орта мектебі мен Әбіш ауылындағы негізгі орта мектептің жай-күйін бағамдап, жаңа мектеп салу мәселесін жеделдету қажеттігін ескертті. Аталған қос мектепке жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға қаржы бөлінді.
Асылбек Нәсіпқалиұлы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале