14.05.2026, 22:25
Оқылды: 8

Шыңғырлауда есептік кездесулер өтті

Халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдың тыныс-тіршілігі түзеліп, әлеуметтік жағдайы жақсарса, елдің де еңсесі биік болмақ. Осы орайда ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесулері тұрғындармен ашық пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналып келеді.

image-14-05-26-10-22
12 мамырдан бастап Шыңғырлау ауданына қарасты ауылдық округтердің елді мекендерінде ауыл әкімдерінің есептік кездесулері өтті. Кездесулерге аудан әкімінің орынбасарлары М.Нұртазиев пен А.Исламбек қатысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көкейкесті сауалдарын тыңдады.

Есептік кездесулер Сегізсай, Амангелді, Ақсуат, Қайыңды, Ұрысай, Жаңакүш, Шоқтыбай және Қызылкөл ауылдарында ұйымдастырылды. Жиын барысында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, жол жөндеу, көше жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы кеңінен сөз болды.

image-14-05-26-10-22

Ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Өз кезегінде тұрғындар ауыл ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген сауалдарға тиісті жауаптар беріліп, кей мәселелер бақылауға алынды.

Мұндай кездесулер халық пен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, елді мекендердің түйткілді мәселелерін бірлесіп шешуге жол ашады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының пікірін ескеру арқылы өңірлердің тұрақты дамуына серпін береді.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале